БАЛАЛАР ЕЛ ІШІНДЕ ТЕГІН ҰШАДЫ

БАЛАЛАР ЕЛ ІШІНДЕ ТЕГІН ҰШАДЫ

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Биыл жаздан бастап ел ішінде туристік мақсатта ұшатын 15 жасқа дейінгі балаларға билет тегін беріледі, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Sputnik Kazakhstan сайтына сілтеме жасап.

Мұндай ұшақпен тегін ұшу тәжірибесі Ұлыбритания, Катар, Скандинавия елдерінде жақсы дамыған. Енді бұл мемлекеттердің қатарына біздің елді жақын арада қосылатын болады. Әр ата-анаға талап ретінде ұшақ бортына өзімен бірге екі баланы алуға рұқсат етіледі. Бұл жайында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Үкімет отырсында мәлім етті.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда «Kids go free» қағидаты бойынша балалар тегін ұшуы үшін әуе бағыттарын субсидиялау көзделіп отыр. Ал, балалардың ата-аналары қажетті растайтын құжатты көрсетсе, өздерімен екі баланы алып ұшуға болады.

– Мәселен, ата-ана ел ішінде демалатын болса, онда 15 жасқа дейінгі екі баласына тегін әуе билеттері ұсынылады. Тегін. Ел ішінде. Бұл бізге отандастарымызды өз елімізде қалдыруға мүмкіндік береді. Осылайша ақша да елде қалады, – дейді министр А.Мұхамедиұлы.
Жалпы, бұл бастаманың жүзеге асуы бір-екі айдың ішіне жоспарланып отыр. Яғни, ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында балалар ұшақпен тегін ұшуға мүмкіндік алады.

Одан бөлек, келесі жылдан бастап барлық аймақта тегін «Балалар туристік пойызы» іске қосылмақ. Ол жайында Арыстанбек Мұхамедиұлы былай дейді: «Басымдық тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға, білім беру жарыстарының жеңімпаздарына, үздік оқушылар мен басқаларға беріледі».

Қазір мәдениет және спорт министрлігі 2019-2021 жылдарға арналған балалар-жасөспірімдер туризмін дамытудың жол картасын жүзеге асырып жатыр. Онда республикалық және өңірлік деңгейде 100 мыңнан астам бала қамтылған.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях