Әйгілі Әшім ақынның аты ардақталды

Әйгілі Әшім ақынның аты ардақталды

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Жуырда Елтай ауылдық округіндегі Береке орта мектебінде көпшілікті қатты қуантқан, жиналғандарды жақсы риза еткен іс-шара өткізілді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.   

Әдеби кеш «Жақсының жақсылығы жерде қалмас…» деп аталған, Жетісудың белгілі ақыны, сал-серісі Әшім Нұрлыбаевтың туғанына 130 жыл толуына арналды.

Алдымен қасиетті Қарасай жеріндегі Октябрь (қазіргі Береке) ауылында туып-өскен, басынан қандай қиындықты өткерсе де мойымаған, жасымаған, кішкентайынан өлеңге, өнерге құмар болған, кейіннен аты шығып, айтулы ақындыққа жеткен Әшім аталарының бұл мерейтойын аталған білім ұясының мұғалімдері мен оқушылары өз мүмкіндіктерінше жоғары деңгейде ұйымдастырған десек, артық айтқандық емес. Сондай-ақ, бас қосу Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің бастамасымен әрі көмек-қолдауымен жүзеге асқанын да атап өткеніміз жөн.
…Сонымен мектептің акті залының сахнасында өлең оқылды, ән айтылды, күй күмбірледі. Әсіресе, ақын өмірінің (1889 жылы дүниеге келіп, 1963 жылы қайтыс болған) әр кезеңін бейнелеген сахналық көріністер кешке қатысушыларды тамаша әсерге бөледі.
…Жоғарыда жазғанымыздай, сахналық көріністер бірінен соң бірі жақсы жалғасып жатты. Алдымен көпшілік назарына Әшім мен Манат қыздың айтысы ұсынылды. (Әшімді музыка пәнінің мұғалімі Жарқынбек Сәбит, Манатты 8 сынып оқушысы Ақниет Бабаева әдемі бейнеледі. Әсіресе, Жарқынбектің жарқ-жұрт еткен жүріс-тұрысы, ақындық сипаттағы мінезі, зор дауысы, домбыра тартуы айрықша болды). Мұнан кейін серілік құрып, ел ішіндегі той-томалақтардағы жүргендегі өнері көрсетілді. Тағдырдың жазуымен жазықсыз сотталып, түрмеге де түскен екен. Бұл жағдайы да бір көрініске арқау болыпты. Осы тұста атап айтатын бір мәселе, сахналық көріністердің барлығы тұтас композициялық шешімге бағындырылыпты, бұл жағы да ерекше сүйсіндірді. Мұнан бөлек оқушылар ақынның өлеңдерін шалқып тұрып шабыттана оқыды. Әдеби кеште алдымен аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры, ақын Серік Қалиев сөз алып, сахналық көріністерді қойған ұстаздарға, оқушыларға алғысын айтты.

Сонымен қатар, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Шара Қанатқұлқызы, ардагер ұстаздар Ақлима Көсемова, Баян Мұхамедиярова, Елтай ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Қалида Қосшығұлов және тағы басқалар сөйлеп, сахналық көріністерден ақынның өзі тіріліп келгендей әсер алғандарын, ұстаздар мен оқушылардың керемет өнер көрсеткендерін, шығармаларын жинақтап шығару қажеттігін, әдеби кештің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, Әшімнің кезінде Иса Байзақов, Балуан Шолақ, Үмбетәлі Кәрібаевпен таныс-біліс болғанын, халқымыздың осындай ардақты адамдарының өмірі, өнері, өнегесі арқылы да жастарды жақсы тәрбилей алатынымызды атап айтып, мектеп басшылығына, әдеби іс-шараның ойдағыдай өтуіне атсалысқандарға рахметін жаудырды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях