Игі істердің бастамасы болған Нұр Отанға 20 жыл

Игі істердің бастамасы болған Нұр Отанға 20 жыл

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Биыл саяси қозғаушы күш, мемлекеттік мызғымас тірегі «Нұр Отан» партиясына 20 жыл толып отыр. Осыған орай бүгін аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші орынбасары Ақшолпан Марат аудан ардагерлерінің басын қосып, дөңгелек үстел өткізді.  Алдымен сөз алған Ақшолпан Қайратқызы партияның аудандағы жыл бойы атқарған жұмыстары жайлы  баяндама оқып, үздік жетістіктерін де тілге тиек етті.  Сонымен қатар ардагерлер мен қоғамдық кеңестер, ажелер алқасы  және кәсіподақ комитеті сынды ауданның белсенді  ұйымдарына аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы, аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың атынан  Алғыс хаттарын тапсырды.

Келесі кезекте аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Серік Қалиев партияны атаулы  мерейтойымен құттықтап, арнайы дайындап әкелген «Алатаудай алыптар шыққан аудан» атты бейнероликті көпшіліктің назарына ұсынды. Мұнан бөлек жиын барысында Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары кеңінен талқыланып, ауданның 90 жылдығына қарсаңында  жүзеге асырылатын  міндеттер жөнінде де ой қозғалып, пікірлер айтылды. Жиналыс соңында партия қоғам жұмыстарына белсене араласып жүрген ардагерлердің барлығына алғыстарын білдірді, арнайы сыйлықтарын табыс етті.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях