ҰБТ-ның жаңа жүйесі

ҰБТ-ның жаңа жүйесі

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Оқушылардың 11 жыл бойы алған білімдері сыналатын уақыт – ұлттық бірыңғай тестілеу екені мәлім. Оның белгілі уақытымен түрлі жүйеге ауысуы да білімгерлер үшін жаңалыққа айналып жатыр. Олай болуының себебі де бар. Өйткені, жаңашылдық, өзгеріс, басқа формат дегендер мектеп оқушыларының білім деңгейін басқаша бағалауға негізделеді. Міне, биыл да ҰБТ басқаша жүйеге ауыспақ.

2019 жылы өтетін ұлттық бірыңғай тестілеу елімізде төрт рет, яғни, қаңтар, наурыз, маусым-шілде жәнетамыз айларында өткізілетін болады. Пәндік тапсырмалары еш өзгеріссіз, сол дәстүрлі түрде үш міндетті (Қазақстан тарихы, математикалық, оқу сауаттылығқтары) және бейіндік пәндер бойынша тестілеу болады.

Оқушылар енді қаңтар, наурыз, тамыз айларында болатын сынаққа қатысып, шектік балын жинаған жағдайда ЖОО-ның ақылы бөліміне құжат тапсыруына болады. Ал, білім беру гранттары тағайындалатын конкурсқа қатысу үшін міндетті түрде маусым-шілде айларында өтетін тестілеуде білімін сынау керек. Талапкерлер үшін тағы бір ескеретін нәрсе – қаңтар, наурыз, тамыз айларындағы сынаққа өзіне ыңғайлы кез келген пунктте тапсыра беру. Тек, сол тестілеуге қатысу үшін пункттерде көрсетілген мерзімге сәйкес өтініш беру керек.

Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, биылғы ҰБТ сұрақтарының мазмұны өзгереді.

– Сұрақтар «қашан және қай жылы» деп емес, «қалай және неге» деп өзгеретін болады. Біз үшін балалардың ойлау мүмкіндігін бірінші кезекте қолдану және талдау өте маңызды, – дейді вице-министр.

Атап көрсеткеніміздей, биылғы ұлттық бірыңғай тестілеу осындай өзгерістерімен ерекшеленбек. Қалай болғанда да, білім нәрін бойына сіңіріп, өз күшіне сенімді кез келген талапкер үшін тестілеудің өзгерісі кедергі бола қоймас. Жылда дәстүрге айналған сынақ тапсырмасының түрленуі біздің ауданның білімгерлеріне таңсық дүние емес. Олай дейтініміз, әр жыл сайын көрсететін сапалық көрсеткішімізде төмен деп айтуға келмейді. Мысалы, былтырғы ҰБТ нәтижесі бойынша 47 оқушы «Алтын белгі» иегері атанса, енді біреуі халықаралық олимпиада жеңімпазы атанды. Жалпы, аудан бойынша сапалық көрсеткіш 78,5% болды.

Ал, аудандық білім бөлімінің басшысы Жарқын Нұрғалимов білім деңгейін сараптау жолында өзгерістер болғаны маңызды екенін алға тартып, былай дейді:«Ұлттық бірыңғай тестілеудің осы жылы кезең-кезеңімен өтуі бұл да бір оқушылар үшін серпіліс болары анық. Ақылы түрде болатын талапкерлердің сынақтары мерзім бойынша өтініш қабылданатынын да ескерген жөн. Биылғы тестілеудің бағасы – 2242 теңге, ал оқушы өзіне берілген тапсырманының жауабын 3 сағат 50 минутта(230 минут) белгілеп үлгеруі керек».

Міне, 2019 жылдың ҰБТ-сы осындай өзгерістерімен жүзеге аспақ. Ең бастысы, білімгер 11 жылдық білімін қағаз бетіндегі сынақта дәлелдей алса болғаны. Мектеп бағдарламасын еркін меңгеріп, оқуда озат атанған оқушы үшін білім жолында алынбас қамал жоқ!

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях