Алматы облысында авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді

Алматы облысында авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша 2019 жылдың үшінші қаңтарында Талдықорған қаласындағы «Самал» шағын ауданынындағы көп қабатты үйдің бірінде оқыс оқиға орын алған. Нақтырақ айтсақ, төртінші қабаттағы бір пәтерде тұратын тұрғын өз балконына шыққан сәтте абайсызда есігі жабылып, сыртта қалып қалған. Қолынан келгенше есікті ашуға тырысқанымен ешқандай нәтиже шықпайтынын біліп, үй шаруасындағы әйел сыртта өткен адамдардан көмек сұрап, құтқарушыларды шақыруды өтінген. Дер кезінде жеткен Төтенше жағдайлар департаментінің үш қызметкері арнайы баспалдақ көмегімен төртінші қабатқа көтеріліп, балкон есігін ашып, әйелге пәтерге кіруге көмектесті.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях