Қарасайдағы «Отбасы банк» – жаңа ғимаратта (Видео)

Қарасайдағы «Отбасы банк» – жаңа ғимаратта (Видео)

Қарасай ауданының Қаскелең қаласында «Отбасы банкінің» жаңа ғимараты ашылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

«Отбасы банкінде» бүгін тағы да қуанышты оқиғалардың бірі орын алды. Қаржы ұйымының қызмет көрсету орталығының жаңа ғимараты Қарасай ауданында ашылып, өз клиенттерін жақсы жаңалығымен қуантты. Банктің мұндай мекемесі Қаскелеңде бұрын болғаны белгілі. Енді, міне, қаламызда аталмыш орталық екі қабатты, заманауи талапта жабдықталған жаңа жұмыс орнына көшті.

Ғимараттың салтанатты ашылуына Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Дулат Сансызбаев пен «Отбасы банк» АҚ-ның сату және аймақтық даму жөніндегі департаментінің директоры Рахиля Балтабаева арнайы қатысып, банктің ұжымына ақ тілектерін жеткізді. Одан кейін аталған құрметті қонақтар қызыл лентаны кесіп, ресми түрде кеңсенің ашылуымен құттықтады. Бұл шараға, сонымен қатар, қаржы мекемесімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін аудандық әкімдіктегі бірнеше бөлімнің өкілдері келіп, қызметкерлердің қуаныштарымен бөлісті.

Бұл шараның барысында ән айтылып, қаржыгерлердің өнерден алыс еместігі де байқалды. Шашу шашылып, қызыққа толы сәттер орын алды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях