Алматы көшелерінде заманауи жаңа жарықтандыру шамдары қойылады

Алматы көшелерінде заманауи жаңа жарықтандыру шамдары қойылады

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Алматы қаласындағы 208 көшенін жарықтандыру жұмыстары басталып, көшелердің көбінде алғаш рет заманауи жарықдиодты LED-шамдар қойылатын болады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Қала әкімдігінің мәліметінше, осы жылдың соңына дейін заманауи 4,8 мың жарықдиодты шамдарды орнату аяқталып, Алатау ауданында 14, Бостандық-54, Жетісуда-31 және Түрксібте 109 көше жарықтандырылады.

Алматы қаласының энергия үнемдеу және инфрақұрылымды дамыту басқармасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бөлімінің бастығы Санжар Алинның айтуынша, шамдарды орнату жұмыстары қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тамсырмасы бойынша жүзеге асырылады.

Еске салайық, 16 шілдеде өткен көшелерді жарықтандыру бойынша арнайы жиналыста Бақытжан Сағынтаев қалада аулалардың 52% және 26% көшелер жарықтандырылмағанын айтып өткен болатын. Осы ретте энергия тиімділігі және инфрақұрылымды дамыту департаменті әкімнің тапсырмасы бойынша жұмыстың басымдықтарын өзгертіп, барлық қаражатты бұрын ешқашан жарықтандырылмағын көшелер мен аулаларға бағыттады. Бұл жұмыстар «Шетсіз қала» мегалополисінің қабылданған даму принципіне сәйкес жасалуда.

Бүгінгі таңда Алматының Алатау, Әуезов, Жетісу, Медеу және Наурызбай сияқты бірқатар аудандарындағы көшелердін 121-інде 140 шақырымға жуық сыртқы жарықтандыру желілерінің құрылысы аяқталды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях