Бүгін аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Конституциясының күні салтанатты түрде аталып өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
Алдымен сахнаға аудан әкімі Жандарбек Далабаев көтеріліп, осынау ұлық мерекенің мән-маңызына жан-жақты тоқталды. Мемлекеттің негізгі құндылықтары – тәуелсіздік, бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі екендігін атап айтып, Мәңгілік ел атануға ұмтылған көп ұлтты еліміздің ынтымағы артып, береке-бірліктің арқасында жаңа табыстарға жете беруіне тілектестігін білдірді. Келесі кезекте Жандарбек Ермекұлы бір топ қарасайлықтарды Құрмет грамотасымен, Алғыс хатпен марапаттап, ізгі тілегін білдірді.