Дау-дамайдың алдын алайық

Дау-дамайдың алдын алайық

Аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімі тұрғындарды дау-дамайдың азаюына үлес қосуға шақырды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы. 

Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының   Қарасай аудандық тіркеу және жер кадастр бөлімі аудан бойынша мамандандырылған кәсіпорын болып табылады. Бөлімнің негізгі қызметтері аудан бойынша жер телімдеріне сәйкестендіру құжаттарын дайындау және беру, кадастрлық ақпараттарды ұсыну, жер телімдерінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау, жылжымайтын мүлікті техникалық түгендеу, жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік тіркеу. Бөлім  жерге орналастыру және жер кадастры саласында жер телімдерінің меншік иелері және жер пайдаланушыларымен тікелей келісімшарт жасау бойынша жұмыстардың ауқымды түрлерін орындайды, соның ішінде:жер телімдерін  бөлу, біріктіру, нысаналы мақсатын  өзгерту бойынша жерге орналастыру жобаларын жасау; жергілікті орнында жер телімдерінің шекараларын орнату.

Бөлімнің  жоғары білікті мамандары заманауи жабдықтармен қамтылған  жылдар бойы жинақтаған практикалық тәжірибелері жұмыстардың уақытылы және сапалы орындалуына кепілдік береді. Сонымен қатар, қазіргі кезде көптеген меншік иелері  жерге орналастыру жұмыстарын  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (ЖШС) арқылы  жасатып жатқандығы белгілі. Аталған серіктестіктер күннен күнге көбеюде және кез келген уақытта өз жұмысын тоқтатып, жабылып қалуы әбден мүмкін. Көптеген жағдайда, жер дауларымен сот процестері кезінде, жерге орналастыру жұмыстарын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері дайындалғандығы анықталады. Олардың мамандары сот процестеріне қатыспайды және оларға ешқандай жауапкершілік жүктелмейді.

жоғарыда атйтылған жағдайларды ескере отырып, аталған мамандандырылған кәсіпорын жер телімдерінің бір-бірімен қабаттасуы мен дау-дамайларды азайту мақсатында тапсырыс берушілерді осы мекемеге жүгінуге шақырды.

Мекен  жайы:  Алматы  облысы, Қарасай ауданы,  Қаскелен қаласы,  Көшек батыр,  56,       Қосымша сұрақтар бойынша   төмендегі байланыс телефондары арқылы толық ақпарат алуға болады: 8/72771/22389,  ұялы  8-778-727-97-45.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях