Несие алушылардың жартысының банктер алдындағы қарызы толық өтелді

Несие алушылардың жартысының банктер алдындағы қарызы толық өтелді

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Қиын өмірлік жағдайға тап болған қарыз алушылардың 52% -ы банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы қарыздарын толықтай төледі, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық банкінің басшысы Ерболат Досаевтың айтуынша, бірқатар себептермен немесе ақша жетіспеушілігінен банктерден алған несиелерін төлей алмаған адамдардың 263 мыңы Президентің соңғы енгізген өзгерістерінің арқасында банктер алдындағы қарыздарын толығымен өтеген.

– Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы азаматтарының қарыздық жүктемесін азайту жөніндегі Жарлығын іске асыру аясында Үкімет пен Ұлттық банк банктермен және микроқаржы ұйымдарымен бірлесіп, екі бағытта жұмыс істеуде. Біріншіден, тұтынушылық несие үшін 300 мың теңгеге дейін қарызды қайтару. Қиын өмірлік жағдайға тап болған 507 мыңнан астам азаматқа 105,2 млрд. теңге көлемінде қолдау көрсетіліп, оның 263 мыңы банктер мен микроқаржы ұйымдарының алдындағы қарыздарын толықтай төледі, – деді ол.

Екіншіден, 1,2 миллион азаматтың кепілсіз тұтынушылық несиелері үшін айыппұлдар мен өсімпұлдары 33,6 миллиард теңге сомасында есептен шығарылды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях