Кассалық аппаратттар онлайн жүйеге ауыстырылады

Кассалық аппаратттар онлайн жүйеге ауыстырылады

2019 жылдан бастап жеңілдетілген салық жүйесімен жұмыс жасайтын  бизнес өкілдері онлайн кассалық аппаратты орнатуға міндетті. Бүгін жаңа жүйеге көшуге қатысты аудандық кәсіпкерлік бөлімі өңірдегі кәсіпкерлерге арналған түсіндіру жиынын ұйымдастырды деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Басқосу барысында жылдық есептерді электронды түрде дұрыс толтыру туралы де мәліметтер берілді. Арнайы ақпараттарды толықтай облыстық статистика департаментінің өкілдері айтып берді. Ал, онлайн кассалық аппараттың тиімділігі мен маңызы жайлы   аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары ақпараттандырды. Жалпы мұндай бақылау-кассалық машиналар чектегі барлық ақпараттарды автоматты түрде салық органының деректер қорына жіберіп тұрады. Нәтижесінде кәсіпкердің төлейтін міндетті салық мөлшері есептеледі. Бұл көбіне қолма-қол ақшамен жұмыс істейтін бизнес нысандардағы кірістің ашықтығын қамтамасыз етеді. Егер кассалық аппарат 2013 жылғы болса  жаңа онлайн құрылғы сатып алудың қажеті жоқ,  тек мамандардың көмегімен кассалық аппаратты жаңартуға болады екен. Ал одан ескі болса, ауыстыруға тура келеді.  Салық төлеушілер бұл жүйеге қатысты сұрақтарын тікелей осы саланың мамандарына қойып, тиісті жауаптарын алды. Сонымен қатар, жиынға осы құрылғыларды яғни кассалық аппараттарды  орнататын мекемелер шақыртылып, оларда кәсіпкерлерге өздерінің тиімді ұсыныстары жайлы айтты берді.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях