Айдың айрықша көрінісін бүгін байқауға болады

Айдың айрықша көрінісін бүгін байқауға болады

Бүгін түнге жақын қазақстандықтар Айдың жерге барынша жақындаған көрінісін тамашалай алады, — деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл жайында kazinform халықаралық ақпарат агенттігі жария етті.

«Бұл құбылыс жылына бірнеше рет болып тұрады. Бұл ай толғанда немесе жаңа ай туған кезде жер ғаламшарына серігі – айдың барынша жақындауымен сәйкеседі. Негізінде теория бойынша жер мен айдың қашықтығы екеуінің орталығынан өлшенеді. Оны қолданыстағы заттармен өлшеу мүмкін емес. Бүгін Ай жерге барынша, яғни 386 мың километрге дейін жақындайды», — деді В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институтының ай мен ғаламшар физикасы зертханасының меңгерушісі Виктор Тейфель.

Сонымен қатар, астрономдардың болжамы бойынша жер ғаламшарын мекендеушілер дәл бүгін биылғы ең үлкен айдың көрінісін бақылай алады. Ал, қазақстандықтар үшін бұл айрықша құбылыс Астана уақыты бойынша сағат 21:53-те көрінетін болады.

Өз сөзінде астрофизик Виктор Тейфель тағы да былай дейді: «Егер сіз айды бұрын дүрбімен бақылап отырсаңыз, бұл жолы айырмашылықты айқын аңғаруға болады. Ай күнге қарама-қарсы тұратын болады. Егер бұл құбылыс қыста болатын болса, түн өте жарық болады».

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях