Карантинге жабылған қызметкердің құқығы қорғаулы ма?

Карантинге жабылған қызметкердің құқығы қорғаулы ма?

Қауіптілігіне байланысты бірінші санаттағы мемлекеттерден келген Қазақстан азаматы қазір карантинде. Яғни, олар өздерінің тікелей қызметін атқара алмайды. Ал бұл жағдайда жалақы сақтала ма? Жалпы карантиндегі қызметкердің құқығы қаншалықты қорғалған? Бұл жөнінде 24.kz сайты мәлімет берді деп, хабарлайды Karasayinfо.kz желілік басылымы.

900 азаматтың 340-қа жуығы көпшіліктен оқшауланған ортада, ал, қалған 560-ы тұрғылықты мекен-жайы бойынша бақылануда. Карантин мерзімі – кемі екі апта. Бұл уақыт ішінде олар жұмысқа шықпауы тиіс. Еліміздің Денсаулық сақтау туралы кодексінің 148-бабында солай делінген. Нақтырақ айтсақ, инфекциялық аурулармен ауырады деген күдік туғызғандар және бактерия таратушылармен қарым-қатынаста болған адамдар қажет кезде оқшаулануға және емделуге жатады.

Азаматтардың еңбек құқығын сақтау үшін Еңбек кодексінде «Жұмысты уақытша тоқтату» деген баптар бар. Олар үш жағдайға бөлінеді: жұмыс берушінің кінәсі, жұмысшының өзінің кінәсі және үшіншісі екі жақтың кінәсына жатпайтын жағдайлар.  Құжатқа сай, жұмыс беруші айыпты болса, қызметкердің  айлығы толық мөлшерде төленеді. Жұмысшы карантинге өз бетімен ұшыраса жалақысы сақталмайды. Жалпы, бұл мәселе ұжымдық келісім-шартта көрсетілуі тиіс.

– Ұжымдық шарты болмай, жұмыс берушінің актісінде бұл жағдайлар қаралмайтын болса республика бойынша бекітілген ең төменгі жалақы мөлшері бар. Оны білесіздер, 42 500 теңге. Үшінші жағдаймен үйде қалып отырған жағдайда жұмыс беруші  ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес ақша төлеуі керек, – дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов.

Бұдан шығатын қорытынды – жалақының сақталу-сақталмауы қызметкердің карантинге жатқызылу себебіне байланысты. Азаматтар назар аударуы тиіс тағы бір жайт – жұмыс беруші қарамағындағы жұмысшысын іссапарға жіберуге құқылы. Мейлі бұл жұқпалы індет өршіп тұрған мемлекет болса да.

– Өкінішке қарай, қызметкердің іссапардан бас тартуға құқығы жоқ. Бұл жағдайда еңбек келісімшарты бұзылады. Шара қолданылады, тіпті жұмыстан шығуы мүмкін. Сондықтан бас тарта алмайды. Дегенмен заңға өзгеріс енгізу керек деп ойлаймын. Әсіресе жаһандық пандемия, эпидемия болған кезде қызметкердің құқығы қорғалуы тиіс, – деді заңгер Серік Айтбаев өз сөзінде.

Жаман айтпай жақсы жоқ, алайда карантиндегі азаматтың ауруға душар болғаны анықталса, оған еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы төленеді. Оның мөлшері айына 15 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях