«Іскер ұстаз» республикалық байқауы өтеді

«Іскер ұстаз» республикалық байқауы өтеді

«Ұстаздар күні» аясында қазан айының бесі күні «Іскер ұстаз» республикалық іскер педагогтар арасында байқау өтеді, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Білім мазмұнын дамыту институтының ұйымдастыруымен болатын конкурстың мақсаты – оқу-ағарту министрлігінің «1000 көшбасшы педагог» кадрлық резерві жобасының аясында еліміздегі білім бөлімдерінің, мектепке дейінгі, орта және кәсіптік білім беру ұйымдары басшылары мен іскерлік танытып жүрген білім саласының қызметкерлері және жас педагог көшбасшыларды анықтау.

Байқау жеңімпаздарына білім мазмұнын дамыту институтының арнайы тағайындаған «ІСКЕР ҰСТАЗ» төсбелгісі, Құрмет грамотасы, қолдау білдіргені үшін мекеме басшысынының атына Алғыс хат табысталады.

Бұған қоса марапаттау рәсімінен кейін қатысушылар арасында Біріккен Араб әмірліктері, Дубай қаласына екі адамдық арнайы жолдамаға лоторея ойнатылатын болады.

Толығырақ ақпаратты bmdiedu.kz сайтынан білуге болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях