Жоба аясында оқып, несие алып, еңбек етуде

Жоба аясында оқып, несие алып, еңбек етуде

Елбасының тікелей тапсырмасына сәйкес қолға алынған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты – «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша бүгінгі күнге аудан көлемінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 40 жеке кәсіпкер 208,4 млн. теңге шағын несие алып, өз кәсіптерін ашуда немесе кеңейтуде. Осылай 60 адамға жаңадан жұмыс орындары пайда болған. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 240 азамат «Атамекен» палатасында кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарын аяқтап, сертификатқа ие болған.

Солардың бірі Тұрар ауылының тұрғыны Нұрдәулет Ділдабаев. Ол аудандық жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, жоғарыда аталған сертификатқа қол жеткізген соң жеңілдетілген шартпен 6 млн. теңге несие алған. Солай оның мал шаруашылығын дөңгелетсем деген арманына жол ашылды. Жалпы, бұған дейін ауылдың шеткері тұсынан 23 сотық жер алып, қоражайын дайындап қойған азаматтың меншігінде төрт сиыры, оншақты жылқысы мен азын-аулақ ұсақ малы да бар еді. Енді, мемлекеттік қолдау арқылы алған қаржысына тағы да 21 ірі қараны сатып алған Н.Ділдабаев ет пен сүт бағытында тынымсыз еңбек етіп, шаруашылығын кеңейте түскісі келеді.

  • «Әрекетке — берекет» демей ме халқымыз?- дейді қожалық иесі өз сөзінде. – Кез келген істі жүрегіңмен қалап, шын ниетіңмен істесең ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Бұған дейін мен сауда саласында да, құрылыста да жұмыс жасадым, техника да айдадым. Бірақ көңіл төркінінде мал шаруашылығымен айналыссам деген арман ұялап тұратын үнемі. Өзімнің тапқан-таянғаныма ақырындап жинаған төлдерім де болды. Бірақ, олардан алынған өніммен негізінен отбасымды қамтамасыз етілді. Алдымен күш-қуат берген Аллаға, сосын осындай тиімді мүмкіндіктер ұсынып, кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп отырған Елбасына ризашылығымды білдіргім келеді. Менің ойымша, бұл тек қаражатты ұсына салу емес, бұл – еңбекке ынталандыру.

Қазір шаруа күніне 30 литрдей сүт, айына 1,5 тонна ет өндіруді жоспарға қойған. Егер ісі алға басып, бәрі ойдағыдай болса, алматыдан жеке дүкенін ашып, халыққа табиғи, экологиялық таза өнімді тиімді бағамен ұсынуды да мақсат етуде.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях