Баланың алғашқы тәрбие алатын орны отбасы екені белгілі. Осыған орай, бүгін Әйтей ауылдық округіндегі Б.Қосынов атындағы орта мектепте ата-аналарына өз балаларының жан-дүниесін түсінуге шақыру, әр ата-ана бала көңілін таба білуіне ой қозғау, тәрбие жайлы пікір бөлісу мақсатында ерекше форматта «Бір тұтас тәрбие – болашақ кепілі» атты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
[su_custom_gallery source=»media: 43416,43417,43418,43420,43419″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Оның барысында ата-аналар топқа бөлініп ұстаздармен бірге жұмыс жасады. Нақтырақ айтқанда, әртүрлі тақырыптарында коучингтер өткізіліп, бірқатар қызықты ойындар ойнатылды.
Ата-аналар оларға белсене ат салысып, өзара әрекеттесу арқылы ұстаздармен тығыз жұмыс жасауды үйренді. Сондай-ақ балаларға тәрбие берудің жаңа жолдарымен танысты.