Ішкі істер министрі қарасайлық екі полицейді медальмен марапаттады

Ішкі істер министрі қарасайлық екі полицейді медальмен марапаттады

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қарасайлық екі полицейді медальмен марапаттады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бүгін, яғни, 23 маусым Қазақстан полициясы күні қарсаңында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Қарасай ауданы полиция басқармасының инспекторы, полиция капитаны Нұр Қансейітов 2-ші дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен наградталса, аға жедел уәкілі, полиция майоры Рүстем Таштыров «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

Бұдан бөлек, мерейлері үстем болған полицейлердің қатарында облыс әкімі Амандық Баталовтың Алғыс хатымен екі тәртіп сақшысы, аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың Құрмет грамотасын алған 11 ішкі істер қызметкерлері болды. Ал, мерекелік күнде таңғы сап түзеуде барысында аудандық полиция басқармасының басшысы Асқат Данияр сегіз адамды алғашқы, тоғыз полицейді кезекті арнайы атағын алғанымен құттықтап, барлық жиналғандарға жылы лебізін білдірді.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях