Миллион қазақстандық вакцинаның бірінші дозасын салдырды  

   Миллион қазақстандық вакцинаның бірінші дозасын салдырды   

Миллионнан аса қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын салдырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, — деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 28 сәуірдегі жағдай бойынша вакцинаның алғашқы дозасын 1 016 809 адам алған.

Екінші компонентін — 205 188 адам.

Бірінші және екінші компонентті салдырғандар саны бойынша Алматы көш бастап тұр.

Еске салайық, 26 сәуірде Қазақстанда QazVac отандық вакцинасын егу науқаны басталды. Алғашқылардың бірі болып вакцинаны тікелей эфирде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой салдырды.

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях