Елге танымал Ернар Айдар Қаскелеңде ән кешін берді

Елге танымал Ернар Айдар Қаскелеңде ән кешін берді

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ернар Айдар қарасайлықтарға арнап ән кешін өткізді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Елімізге танымал әншілердің ауданымызға келіп, шығармашылық кештерін өткізулері жиі болып тұратыны рас. Қарасай жұртшылығы да қашанда өнерпаздардың өнерін үстем етіп, ыстық ықыласпен қабыл алуда. Сондай талантты жандардың қатарында талай хит әндерімен тыңдаушысын тапқан жас әнші Ернар Айдар да бар. Танымыл эстрада жұлдызы ауданымыздың 90 жылдығына орай, кеше аудандық Мәдениет үйінің алдында, яғни, Жастар саябағында қарасайлықтарға жақсы көңіл-күй сыйлап, есті әндерін көпшілікпен бірге шырқап, шығармашылық кеш өткізді.

«Жақсы көрем осы қалпыңмен» деп аталатын ән кешінде Ернар Айдар өзінің бұрын жарық көрген бірқатар хит өлеңдерін шырқап қана қоймай, соңғы кездері жастар арасында «Күнім, сен сөнбеші», «Ғашықпын», «Бала ғашық», «Ұнатамын» сияқты танымал әндерін де көпшілікке тарту етті. Тіпті, сиясы кеппеген жаңа туындылары да жиналған жұртшылыққа ұсынылды.

Әншнің шығармашылық кешінде құрмет пен ізгі ілтипатын аямаған аудан тұрғындарының қарасы аз болмады. Күннің салқындығына қарамаған олар Ернар Айдардың белгілі әндерін қосыла шырқап, жақсы көңіл-күймен тарқасты.

Ұйымдастырушылардың мәліметіне сүйенсек, концерттен түскен қаржының барлығы қайырымдылыққа жұмсалады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях