«Ішінде түк жоқ». Өртелген базар саудагерлері осындай жазу іліп қойған

«Ішінде түк жоқ». Өртелген базар саудагерлері осындай жазу іліп қойған

Бүгіннен бастап «Алтын орда» базарының саудагерлері өз орындарына орала бастады, деп хабарлайды  Naqty.kz  желілік басылымы Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

5 қаңтарда сатушылар барлық тауарын көлікке тиеп, үйлеріне алып кеткен. 60 жастағы Салтанат есімді саудагердің айтуынша, сол күні қара киініп алған он шақты жігіт базар әкімшілігін өртеген. Ал ондағы 100-ден аса күзетші оларға төтеп бере алмай, жан-жаққа қашып кеткен. Саудагерлер «Алтын ордада» 13 жылдан бері сөмке сатады. Қарақшылар шабуыл жасаған күні ол өздерін де, тауарларын да қорғамаған күзетшілерге наразы. Салтанат базардағы орнына ай сайын 42 500 теңге төлеп тұрады. Оның ішіне күзет қызметі де кіреді.

Салтанаттың екі бірдей бутигі бар. Тауарларының жалпы құны 10 миллион теңге болады. Бірақ ол қанша шығын келгенін әлі есептеп үлгермеген.

Ал іш киім сататын, қарсы отырған әріптесі Ажардың басында үш бірдей несиесі бар екен. Ажардың да саудаға қойылған тауарларының біразы жарамсыз болып қалған. Енді ол соларды лақтырып тастаудан басқа амалым жоқ деп отыр.

Бүлікшілер «Алтын орда» базарының кіреберісіндегі ломбардтар мен ұялы телефон сататын дүкендерді тонаған. Елдостың мұнда телефон сататын бутигі бар. Оның айтуынша, дүкен ломбардтың жанында орналасқандықтан екі рет тоналған. Ашуға булыққан кәсіпкер дүкен сыртына «ішінде түк те жоқ» деп жазып қойған.

«Бүлікшілер iPhone телефондарының қаптарын, қуаттандырғыштарын және екі бірдей ноутбукты үптеп кеткен. 1 миллион шығын келтірді», — дейді саудагер Елдос.

Саудагер күні кеше ғана «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына хабарласқан. Алайда олардан көмек болатынына аса сенбей отыр. Себебі ондағылар әлі күнге дейін дүкенді келіп тексермеген. Ал кәсіпкердің мамандарды күтетін уақыты жоқ. Сондықтан Елдос өз кәсібін жалғастырып жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях