Талдықорғанға жарысқа келген балалар үйіне жете алмай отыр  

Талдықорғанға жарысқа келген балалар үйіне жете алмай отыр   

Республикалық туристік көпсайыс жарысына Павлодардан келген балалар митинг басталғалы Талдықорғанда отыр. Алматы облысы Туризм басқармасының басшысы Жанар Алшымбаеваның айтуынша, Павлодардан келген 22 адамның үшеуіжетекші, 19-ымектеп оқушылары, деп хабарлайды Naqty.kz  желілік басылымы Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Қысқы демалыс кезінде дәстүрлі түрде болатын жарысқа қатысушы командалар 3-4 қаңтар күндері Талдықорғанға келді. Олардың қазіргі жағдайы жақсы. Біздің қызметкерлер олардың жағдайын күн сайын біліп, тамақпен қамтамасыз етіп отыр,

— дейді Жанар Алшымбаева.

Сондай-ақ ол 22 адамға пойыз билеті алынғанын және бүгін сағат 14:30-да Үштөбе арқылы үйге қайтатынын айтты.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен де хабарласып отырмыз. Барлығы бақылауда,

— деді Туризм басқармасының басшысы.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях