Ипотеканың төлем мерзімі үш айға шегеріледі

Ипотеканың төлем мерзімі үш айға шегеріледі

Елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Қазақстан азаматтарына көмектеседі. Атап айтқанда, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ тұрғын үй блогының еншілес ұйымдары (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Қазақстан ипотекалық компаниясы, Бәйтерек девелопмент) Қазақстанда төтенше жағдай әрекет ету кезеңінде мемлекеттік және меншікті бағдарламалар шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша мерзімін кейінге қалдыруды ұсынды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылым Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

2020 жылдың 23 наурызында Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған жеке және заңды тұлғалар үшін Холдингтің тұрғын үй блогының еншілес ұйымдары барлық төлемдер бойынша, негізгі қарыз бен сыйақы сомасын қоса алғанда, тұрғын үй және тұрғын емес жылжымайтын мүлік объ-ектілерін сатып алу құқығымен жалдау/сатып алу-сату (оның ішінде бөліп төлеу) бар-лық мәмілелері бойынша, айыппұлдар мен өсімақы есептемей, алдағы 3 айға (сәуір-маусым) төлемдерді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.

Кейінге қалдыруды мемлекеттік операторлар қашықтықтан байланыс арналары (жеке кабинет, telegram-боттар, ресми сайттар) арқылы өтініш берушінің жүгінуі арқылы жеке тәртіппен қарайтын болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях