Институттағы игі істермен танысты

Институттағы игі істермен танысты

Аптаның алғашқы күні аудан әкімі Жандарбек Далабаев Алмалыбақ ауылында орналасқан Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында болып, жұмыс барысымен, мекеменің тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл институт Қазақстандағы егіншілік пен өсімдік шаруашылығы саласындағы жетекші ғылыми орталық болып табылады.

1934 жылы негізі қаланған мекеменің тарихы зор жетістіктерге толы.

Институттың бас директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР АШҒА және МАҒА академигі, ҚР ҰҒА Құрметті мүшесі Серік Кененбаевтың берген мәліметтеріне қарағанда,  институттың қазіргі уақыттағы қарбаласы заманауи талаптарға сөз жүзінде емес, іс жүзінде жауап берудің бағыт-бағдарында екен. Негізгі ма­мандандырылған бағыты – АӨК дақылдарының жаңа, бәсекеге қабі­летті сорттарымен, будандарымен және оларды өсіру технологиясымен ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етіп, іс жүзіне асыру. Мұндағы 16 ғылыми және үш ғылымға қызмет көрсететін бөлімде 294 адам еңбек етеді.

Биылғы күзде институт жанынан қант қызылшасы тұқымының отандық сортын шығаратын шағын цехты іске қоспақшы. Статистикаға сүйенсек, қазірдің өзінде Алматы облысы жылына 230 млн теңге шамасындағы қаражатты шетелден тұқым алуға жұмсайды. Ал, ауданымызда ашылғалы отырған цех сапасы солардан кем болмайтын тұқым өндіріп, аталған шығынды 10 есеге азайтады деп күтілуде. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына сай барлық жұмыс барысын компьютерлендірген ғалымдар біраз уақыттан бері электр энергиясы мен ауыз суды үнемдейтін, тау суы арқылы тамшылатып суғару әдісін де дұрыс жолға қойған.

Барлық дерек-дәйектерге мұқият назар аударған Жандарбек Ермекұлы еліміздің өркен жайып өсуіне, экономиканың еселеніп молығуына, кемелдену кезеңіне жетуіне, ырыс пен молшылық берекесінің артуына көп түрлі салалардың басын құрайтын ғылыми-зерттеу жұмыстарының тигізіп отырған ықпалының айырықша екеніне тоқталып, риза көңілмен институт ұжымының алға қойып отырған зор мақсаттарына сәттілік пен табыс тіледі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях