Халық санағына дайындық кезеңі аяқталды

Халық санағына дайындық кезеңі аяқталды

Бүгін Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев халық санағының дайындық кезеңіне атсалысқан Қарасай ауданының тұрғындарын Алғыс хатпен марапаттады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Берілген тапсырмаға бар ынтасын салып, немқұрайлы қарамай, ісін соңына дейін жеткізгені үшін қала басшысы ризашылығын білдіріп, олардың осы мезетте қала тарихының бір бөлшегіне айналғанын атап өтті.

Әр 10 жыл сайын өткізілетін халық санағы еліміздегі жағдайлар мен шектеулі карантиндік шараларға байланысты кейінге қалдырылып,  2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 15 қазан аралығында өткізілетін болды. Науқанға дайындық кезеңіне тек Қаскелең қаласынан емес, өзге де ауыл аймақ бойынша барлығы 23 адам атсалысты. Олардың ішінде 17 регистратор, 2 комиссия және 4 уәкілеттілер тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды аралап шықты.

№2 санақ учаскесінің уәкілеттісі Әмина Абдраманованың айтуынша, бұл дайындық жұмыстары негізгі халық санағы басталған кезде аумақты инструкторлық участкелерге бөлу үшін жүргізілген.

— 1 қыркүйектен бастап онлайн түрде халық санағы өтеді, қала тұрғындарының белсенділік танытып науқанға атсалысқандары қажет. Онлайн түрде мүмкіндігінше көп адам санақтан өтсе, жеке барып үй аралау аумағы азаяды. Пандемияның өршіп тұрған кезінде, бұл іске барлығымыз белсенділік танытсақ, жақсы жетістікке жетуіміз әбден мүмкін, Бұл санақ Қазақстанның әр тұрғыны үшін маңызды,-  деп Әмина Мадиқызы тұрғындарды белсенділік танытуға шақырды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях