Халық қалаулысының қабылдауында

Халық қалаулысының қабылдауында

Бүгін «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында кестеге сәйкес  Алматы облыстық мәслихатының депутаты Жандулла Әбдімұратов қоғамдық қабылдау өткізді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz  желілік басылымның тілшісі.

Аудан тұрғындарының бірқатар мәселелерін қарастырған жиынға  аудандық «Nur Otan» партиясының филиалының бірінші орынбасары  Қаныбек Айтжанов және аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы Шолпан Смағұлова қатысты. Халық қалаулысымен кездесуге  алғашқы болып әлеуметтік мәселесімен кірген  Әйтей ауылының тұрғыны  Гульнафис Қуанғалиева алты айға жуық атаулы көмек алып келгендігін айтты. Бірақ,  үлкен ұлы Семейдегі оқу орнында тіркеуде тұрғандықтан  Гүлнарға АӘК беруді тоқтатып, сол уақытқа дейін алған ақшаны қайтаруды талап еткен. Тиісті мекемелердің бұл заңдылығын түсінбеген көпбалалы ана депутаттан мәселенің дұрыс шешілуіне көмек сұрады.  АӘК алмай алмай жүрген қаскелеңдік  Айгүл Ахметоваға  нақтылы ақпарат берілді. Түйткілді мәселердің келесі сұрақтары Жандулла Суиноллаұлының саласы құрылысқа қатысты болды.   Жақында Гауһар Шалғымбаева Елтай ауылынан жер алған, бірақ,  сегіз баласы бар болғаннан кейін ол жерге өз күшімен үйдің қабырғасын тұрғызғанымен, шатырын жабуға шамасы жетпейтіндігін айтып, көмек көрсетулерін сұрады. Халық қалаулысы  үйдің шатыр жабуына қажетті ағашпен қамтамасыз ететін болды. Әйтейлік, үшінші топтағы мүгедек Сәрсенбай  Рахимовтың өз қолымен сегіз жылға жуық салған үйінің қабырғасы жердің жұмсаруынан төменге түсіп, жарамсыз болып қалған. Енді ол баспананы бұзуға тура келеді. Алдағы уақытта  Жандулла Суиноллаұлы ол үйді бұзуға қажетті ауыр механикалық техникамен қамтамасыз ететін болды.  Сондай-ақ,  2012 жылы Қаскелең қаласындағы көпқабатты үйдегі жарылыстан зардап шеккен Башира Күлбаева үй кезегінде тұрған, бірақ, үй кезегінің мүлдем қозғалмағанын айтты. Бұл ретте облыстық мәслихаттың депутаты жергілікті  басшыларымен сөйлесіп, осы мәселелер жақын уақытта қарастырылатының айтты.

Осылайша қоғамдық қабылдауға келген барлық тұрғындардың арыз шағымдары тыңдалып, мәселелері оңтайлы шешімін тапты.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях