Енді Google Translate қазақ тіліндегі дыбыстауды аудара алады

Енді Google Translate қазақ тіліндегі дыбыстауды аудара алады

Google Translate сервисі енді қазақ тіліндегі дыбыстауды аудара алады, — деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Google Translate мобильді қосымшасының 22 ақпанда шыққан 6.17.0 жаңартылған нұсқасында қазақ тіліндегі дыбыстауды аударуға мүмкіндік беретін жаңа функция бар. Бұл туралы App Store-дағы «қандай жаңалық» қосымшасы бөлімінде жазылған.

Google Translate десктоп-нұсқаларында қазақ тіліндегі дыбыстауды аудару әзірше іске қосылмаған.

Google Translate-те қазақ тіліндегі дыбыстауды аудару мүмкіндігі пайда болатыны туралы 2017 жылы хабарланған болатын. Қазақ тілін Vоісе-to-Text технологиясына демеуші есебінен қосу жоспарланып, оған төрт миллион теңге бөлді.

2014 жылғы желтоқсанда Google Translate жүйесіне қазақ тіліне мәтіндік аударма жасау қосылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях