Елтайда «Көмек қолы» акциясы өтті

Елтайда «Көмек қолы» акциясы өтті

Ауданымызда «Біз біргеміз» акциясы жалғасуда. Бүгін Елтай ауылында ауданымыздың Төтенше жағдайы бөлімінің өкілдері мен жастар ресурстық орталығының еріктілері бірігіп «Көмек қолы» акциясын өткізіп, тұрғындардың мұржалары мен аулаларын тазалап көмектесті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен өткен акцияға аталмыш бөлімнен 13 қызметкер мен 7 волонтер, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Оның барысында бөлімі қызметкерлері мен еріктілер ауылдағы 5 баласы бар жанұя мен Ұлы Отан соғысы ардагерінің үйіне барып, үйлеріндегі түтіндіктер мен аулаларындағы қарды тазалап, өз көмектерін көрсетті.

Сонымен қатар, шарада қатысушылар екі топқа бөлініп, тұрмыстық жағдайы төмен отбасылар, көп балалы жанұялар және жалғыз басты қариялар тұратын тұрғын үйлерді аралап, жылу беру маусымындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, газбен уланудың алдын алу және тұрғын үйлердегі жылыту пештерін дұрыс пайдалану, жылыту құрылғыларының құрылыс нормалары мен ережелерінің сәйкестігіне назар аудару жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, елтайлықтардың көкейінде жүрген сұрақтарға түсінікті әрі сапалы жауаптар беріп, арнайы дайындаған жаднамаларын таратты.

Төтенше жағдай бөлімінің айтуынша осындай игілікті іс-шаралара алдағы уақытта әлі де өз жалғасын табатын болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях