Елордада коронавирусқа байланысты ҰБТ уақыты шегерілді  

Елордада коронавирусқа байланысты ҰБТ уақыты шегерілді   

Елімізде жарияланған төтенше жаңдаға байланысты  Нұр-Сұлтан қаласында оқушылардың  ҰБТ тапсыру кезеңі кейінге шегерілді деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы  «Қазақпарат» сайтына сілтеме жасап

– Биылғы оқу жылында қаламызда 117 мектеп білім беріп жатыр. Оның 89-ы – мемлекеттік, 22-сі жеке меншік мектеп. Мектеп басшылары мен ата-аналар вирусты инфекция пайда болған жағдайда не істеу керектігі туралы жедел жиналыс өткізген. Бүгінгі таңда мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін каникулда, – дейді Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова.

Ол өтуі жоспарланған олимпиада, байқау, спорттық шаралар кейінге шегерілгенін айтты.  ҰБТ уақыты да кейінге шегеріледі. Өтетін күні мен уақытын қосымша хабарланатын болады.  Республикалық физика-математика мектебіне, Назарбаев зияткерлік мектебіне қабылдау үшін өткізілетін емтихан уақыты маусым айына шегерілді. Каникул кезінде мектептегі әкімшілік, техникалық қызметкерлер  кесте бойынша жұмыс істеуде. Ал, қалған педагогтар қашықтықтан өз қызметтерін атқаруда.

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях