Облыстық сот карантинге жабылды

Облыстық сот карантинге жабылды

Алматы облыстық соты карантинге жабылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне байланысты 2020 жылдың маусым айының 8-19-ы аралығында Алматы облыстық сотының ғимаратында карантиндік шаралар енгізіледі», – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, енді ғимаратқа бөгде адамдардың кіруіне рұқсат етілмейді. Ал, облыстық соттың барлық қызметкері жеті күндік үйдегі карантинге оқшауланады.

Сот істерін қарау мәселесі кейінге шегеріледі. Сот отырыстарының тағайындалған күні мен уақыты туралы істерге қатысы бар тараптарға қосымша ақпарат жолданады.

«Қысқа мерзімде қаралуы тиіс іс материалдары, яғни Қылмыстық-процессуалдық кодексінің (ары қарай-ҚПК) 107-бабы негізінде қаралатын материалдар Талдықорған қалалық сотының ғимаратында судьямен қашықтықтан қаралатын болады; шектеу шараларының мерзімі мен режимі COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін», – делінген хабарламада.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях