Елорда күніне орай рәміздер байқауы жарияланды

Елорда күніне орай рәміздер байқауы жарияланды

Елорда күнін мерекелеу қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қала әнұраны, елорда туралы ең үздік ән, сондай-ақ Қазақстан астанасының логотипі мен ұранының ең үздік брендбугін жасау бойынша шығармашылық байқау жариялайды,  деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы astana.kz.

Бұл байқау патриотизм сезімін тәрбиелеу, қаланың үздік рәміздерін жасау, сондай-ақ ұлттық өнерді одан әрі дамыту және оны кеңінен насихаттау мақсатында өткізіледі. Өз жұмыстарын кәсіби және әуесқой композиторлар мен ақындар, музыкалық және шығармашылық топтар, дизайнерлер, суретшілер,  республиканың тұрғындары мен қала тұрғындары жібере алады.

Байқау 2019 жылғы 27 мамырдан 24 маусымға дейін жүргізіледі. Әндер кез-келген жанрда және әртүрлі орындаушылар үшін жазылуы мүмкін. Байқауға қатысқысы келетіндер Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасына 2019 жылдың 24 маусымынан кешіктірмей мына материалдарды тапсырулары керек. Бұл жарысқа жіберілетін әндер бұрын жарияланбауы керек және республиканың астанасына жоғары руханилық, отансүйгіштік, махаббат пен мақтаныш идеяларын ұстануы қажет. Қазылар алқасы белгілі композиторлардан, ақындардан, суретшілерден, дизайнерлерден және ұйымдастыру комитетінің мүшелерінен тұрады.

Әрбір байқаудың жеңімпазы дипломмен және 3 000 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталады.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях