Еліміздегі ең қарт адам Алматы облысында дауыс берді

0
748

Қазақстандағы ең қарт адам, 111 жастағы Нұржамал Мергенбаева Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылының тұрғыны. Бір ғасырдан асқан әжей сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Нұржамал Абдықалымқызы 1911 жылы 2 сәуірде дүниеге келген. Әжей соғыс жылдары тылда еңбек еткен. Қаршадайынан жасы шау тартқанша өмірін бейнетпен өткізген әжейдің денсаулығы әлі де тың. Ойы орнықты, есте сақтау қабілеті жақсы.

«Балаларым, сендер аман болыңдар. Біз асарымызды алмадық, жасарымызды жасадық. Бар ұрпаққа менің жасымды берсін», – деп Нұржамал апа батасын берді.

Нұржамал әжейдің төрт баласынан 15 немересі, 12 шөбересі, 5 шөпшегі бар.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь