Елімізде жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 2 есе артады

Елімізде жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 2 есе артады

Елімізде жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 2 есе артады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Министрлік әрбір ауылдық округтегі штаттағы спорт нұсқаушыларының санын ұлғайту және олардың санын 2025 жылы 3 561 адамға дейін жеткізу бойынша шаралар қабылдайды. Мектептерде спорт секцияларын ұйымдастыру және жүргізу үшін дене шынықтыру мұғалімдеріне базалық лауазымдық жалақыдан 100 пайыз мөлшерінде қосымша ақы белгілеу көзделген», — деді министр Үкімет отырысында. Сондай-ақ ол жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 2 есе артатындығын айтты. «Қабылданып жатқан іс-шаралардың нәтижесінде 2025 жылы ауылдық елді мекен тұрғындарының 42 пайызын дене шынықтыру және спортпен қамту жоспарланған», — деді Ақтоты Райымқұлова.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях