Елбасы еңбегін ел біледі

Елбасы еңбегін ел біледі

Тұңғыш Президент күні 2011 жылдан бері мемлекеттік мереке ретінде тойлануда.  Бүгін біздің қазыналы Қарасай жерінде  де бұл мерейлі мейрам лайықты деңгейде атап өтіліп, оған  аудан басшысы Жандарбек Далабаев бастаған барлық мекеме, комитет басшылары мен ұйымдардың өкілдері, ардагерлер және қоғам қайраткерлері мен ардақты азаматтар қатысты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Сондай-ақ, Мәдениет үйінде қалалық кітапхананың ұйымдаструымен кітап және қылқалам шеберлерінің еңбектерінен көрме көпшілік назарына ұсынылды.  Аудандық Мәдениет үйіне лық толған көрермен қауым алдымен  рухты әуенге толы  «Үшқоңыр» этно-фольклорлық ансамбльдің орындауындағы «Күрескер» күйін тыңдап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолынан сыр шертетін  қысқаша бейнероликті тамашалады.  Мемлекеттік Гимн шырқалған соң, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің ерен еңбегі мен қайраткерлік, көрегендік, ұлтжандылық сияқты қасиеттерін ұлықтауға арналған  салтанатты жиынында аудан әкімі Жандарбек Ермекұлы сөйлеп, құттықтауын білдірді.      Әрі қарай басқосу  аудан өнерпаздарының дайындаған концертке жалғасты. Алғашқы болып сахнаға шыққан  «Қарасай жастары» театры әртістерінің әуелете салған «Ауылды аңсау» әнін орындады. Одан кейін, Отанға, туған жер, Ұлт Көшбасшысының еңбектері арқау етілген  бағдарлама барысында небір арнаулар шырқалды. Елбасын өмірге әкелген Әбіш әкесі мен Әлжан анасының құрметіне арналған әуезді әуендерде нақыша келтіре шырқалды. «Үшқоңыр» этно-фольклорлық ансамблі өнерпаздарының күмбірлете шерткен күйлері де шараны одан әрі қыздырды.  Мерекелік кештің соңы «Қалбибі» өнер студиясының «Қазақстан» хорының орындауында Ермек Жұматаевтың сөзіне жазылған «Нұр Аға»  әдемі әнімен түйінделді.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях