«Ең үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы 

0
2684

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалында «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы өткізілді.

Байқауды аудан әкімі, филиал төрағасы Жандарбек Далабаевтың партия жұмысы жөніндегі бірінші орынбасары Ақшолпан Марат ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Мұнан кейін байқауға қатысқан 11 бастауыш ұйым төрағалары өздерінің ұйымдастыру жұмыстары, партиялық жобалардың іске асырылуы және тағы басқа істері туралы жан-жақты баяндап берді.

Сонымен, арнайы құрылған комиссияның шешімімен 100-бен 500 аралығында мүшесі бар 2-ші санат бойынша үшінші орынды Жамбыл, екінші орынды Елтай, бірінші орынды Ұмтыл бастауыш ұйымы алса, 500-ден 5000-ға дейін мүшесі бар 3-ші санат бойынша үшінші орынды Райымбек, екінші орынды Жаңашамалған, ал, бірінші орынды Қаскелең бастауыш партия ұйымы иеленді.

Оларға Алғыс хат пен сыйлықты аудан әкімінің орынбасары, партияның аудандық филиалы саяси кеңесінің мүшесі Айжан Назарбаева, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Сағат Мәсімақынов және басқа да комиссия мүшелері тапсырды.

Соңынан «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақшолпан Марат сөйлеп, жүлдегер бастауыш ұйым жетекшілерін құттықтап табыс тіледі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь