Дональд Трамп үндеу жасады

Дональд Трамп үндеу жасады

Иранның Иракта орналасқан америкалық әскери базаларды зымыранмен атқылауына байланысты кеше Америка Құрама Штатының презинденті Дональд Трамп мәлімдеме жасап, ұлтқа үндеу жолдады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Өзінің 9 минуттық жолдауында Трамп ракета шабуылынан АҚШ әскерилері зардап шекпегендігіне қарамастан АҚШ Иранға қарсы жаңа қатаң санкциялар енгізіліп, Иран елі өзінің мінез-құлқын өзгертпейінше санкциялар өз күшінде қалатындығын айтты.

Сондай-ақ, ол Тегеранның ядролық амбицияларынан бас тартып, терроризмге қолдау жасағанды доғаруы тиіс екенін де атап өтті.

– Иран халқы мен басшылығына мынаны айтқым келеді: біз сіздердің болашағыңыз жарқын болғанын қалаймыз. Сіздер оған лайықсыздар. Мемлекет өркендеп, әлем елдерімен үйлесімді достық қарым-қатынаста болса дейміз. Америка Құрама Штаттары бейбітшілікке ұмтылған әрбір елмен тату болғысы келеді, – деді АҚШ президенті.

Мұнан бөлек, өз үндеуінде Трамп басқа державаларға, атап айтқанда Ұлыбритания, Германия, Франция, Қытай және Ресей Иранға байланысты мәселелерді шешуде белсенді рөл атқаратын уақыт келгенін мәлімдеді. Бұл тұрғыда Трамп Иранмен бұрын жасалған ядролық келісімді қайта сынға алды. Ресей және де басқа бірқатар елді Иранның ядролық бағдарламасы бойынша бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарынан бас тартуға, ал оның орнына Тегеранмен жаңа ядролық келісім жасауға шақырды.

– Біз Иранмен әлемді қауіпсіз және бейбіт ететін келісім жасау бағытында жұмыс істеуіміз керек, –  деді ол.

Еске салайық, Иран генералы Касем Сулейманидің Бағдатта америкалық күштердің әуе соққыларынан қаза табуынан кейін Иран 8 қаңтарда Ирактағы екі америкалық әуебазаға шабуыл жасап, «Азап шегуі Сүлеймани» операциясының басталғанын жариялады. Шабуыл нәтижесінде «Эйн-әл-Асад» әуебазасында орналасқан бірнеше жойғыш ұшақ зақымдалды. Иранның «Press TV» телеарнасының хабарлауынша жалпы 80 адам қайтыс болған.

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях