Республикалық арнайы мониторинг тобы музейлерді аралады

Республикалық арнайы мониторинг тобы музейлерді аралады

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы республикалық арнайы мониторинг тобы келесі кезекте Райымбек ауылдық округінің аумағында орналасқан тарихи орталықтарды тамашалауға ат басын бұрды деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Олардың қатарында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департамент директоры Арман Бердалин, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы республикалық арнайы мониторинг тобының мүшесі, этно-дизайнер Ырза Тұрсынзада болды.  Қадірлі қонақтарды аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова ыстық ықыласпен қарсы алып, мәдени ошақтарды аралауда жол бастады.  Алдымен, барша әлем басын иген ақ жаулықты аяулы аналарымызға арналған   «Анаға құрмет» музейіне бас сұқты. Алыстан келген меймандарды жылы жүзбен қарсы алған мұражай қызметкерлері елімізге танымал апа-әжелеріміздің өмір салты мен тарихы туралы айтып қана қоймай, оларға қатысты материалдар, құжаттар, фотосуреттер, картиналар, тұрмыстық бұйымдарымен таныстырып өтті.

Барлық экспонатты ерекше ынтамен қараған ақын жанды Арман Тілектесұлы, мұражайдың пікір жазу кітабына тебіренісін өлең жолдарымен арнап, қолтаңбасын қалдырды. Тарихи естелікке толы ғимаратты аралаған музейден арнайы топтың мүшелері кейін аудандағы «Батыр бабаларға тағзым» мемориялына барды. Ол жақта шайқасты ұрыстар мен ел тағдыры қыл үстінде тұрған алма-ғайып заманда өзінің ерлігімен талай жаудың бетін қайтарып, ұлан ғайыр атырапты ұрпағына сақтап қалған атақты хандар мен батырлардың портреттерімен танысты. Мәдени мұралардағы экскурсия аяқталған соң, қонақтар бағдарламаға сәйкес келесі шараға жол тартты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях