Әдіскерлер мен психологтарға арналған семинар  

Әдіскерлер мен психологтарға арналған семинар   

  Жуырда Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясында Ескелді ауданындағы дарынды балаларымен жұмыс атқаратын әдіскерлері мен психологтарға арналған тәжірибе алмасу семинары өтті, деп хабарлайды naqty.kz  желілік басылымның тілшісі.

Семинарда «Жетісу дарыны» оқу-әдістемелік орталығының педагог-психологтары Г.Манджекова мен С.Уалибекова білім беру ұйымдарының ұстаздарына «Qabilet» электронды платформасы арқылы «4К» бойынша 10-11 жастағы балалардың дарындылық қабілетін айқындау мақсатында өз тәжірибелерімен бөлісті. Біліктілікті шыңдауға арналған жиынға  аудандық білім ұйымдарынан 27 дарынды оқушыға жауапты мамандар мен 32 психолог қатысты. Сонымен қатар, 10 мен 11 жастағы 10 оқушыға электронды платформа арқылы сауалнама жүргізілді.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях