Мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Бүгін аудан басшысы Махаббат Бигелдиев әкімдіктің үлкен мәжіліс залында өткен алтыншы шақырылған Қарасай аудандық мәслихатының кезекті 28-ші сессиясына қатысты.

Сессия жұмысы барысында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша мамандар баяндама жасап, тиісті шешімдер қабылданды. Атап айтқанда, «Қарасай ауданының 2017 жылғы бюджетінің орындалуы туралы» қаржы бөлімінің бастығы Т. Кәрімова есеп беріп, бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуынан жүзеге асқан көп жұмысты сөз етті. Сонымен қатар, сессияға арнайы қатысып отырған Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Жұбаныш Ноғайбеков та аталған мәселеге қатысты тексеру қорытындысын жария етіп, орын алған кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау үшін кейбір ұсыныстарға назар аудартты.

Сондай-ақ, аудан бюджетіне өзгерістер енгізу мәселесі бойынша экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Д.Сансызбаевтың берген мәліметі тыңдалды.

Қазіргі таңда жайылымдарды ұтымды пайдалану, оларды тоздырмау өте маңызды. Бұл тұрғыдағы жоспарлы жұмыстар ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сырым Жарқынбаевтың баяндамасынан белгілі болды.

Бұдан басқа да күн тәртібіндегі мәселелер толықтай қаралып, аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды.

Аудан әкімінің орынбасарлары, округ әкімдері, мекеме басшылары қатысып отырған сессия жұмысын Махаббат Садуақасұлы қорытындылап, депутаттар халық артқан сенімді ақтап, тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста болса, ел әлеуетінің арта түсуіне септігін тигізерін сөз етіп, алда атқарылар ортақ істерге сәттілік тіледі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях