Әдіскер-нұсқаушылардың жұмыстары бағаланды

Әдіскер-нұсқаушылардың жұмыстары бағаланды

Жастар жиынында бірқатар жұмыстар мен іс-шаралардың жоспары талқыланды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Аудан ішінде жастар саясатын алға тартып, түрлі іс-шараларға белсенділік танытуды мақсат етіп жүргендердің қатарында аудандық Жастар ресурстық орталығы да бар. Оның құрамында ауданға қарасты қала және ауылдық округте жас қарасайлықтармен тығыз жұмыс жасап, нұсқаушылық міндеттерін атқаратын мамандардың да қатары бар екенін айтуға болады. Бүгін осындай жаңашылдыққа жаны құмар қыз-жігіттердің қатысуымен «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының мәжіліс залында әдістемелік жиын өтті. Басқосуды жоғарыда аталған орталықтың жетекшісі Айжан Балажанова жүргізіп, Жастар жылының аясында атқарылған жұмыстардың бірқатарына қысқаша тоқталды.

[su_custom_gallery source=»media: 15253,15251,15250,15252″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Жалпы, жиын барысында биылғы Волонтер жылына орай арнайы құрылған жұмыс жоспарына сәйкес бірқатар іс-шаралар мен жобалардың жүзеге асырылуы туралы айтылды. Сонымен қатар, қала және ауылдық жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушылардың 2019 жыл ішінде атқарылған қорытынды есебі де тыңдалынып, олардың тарапынан алдағы уақытта атқарылатын игі шаралардың жоспары ортаға салынды.

Жастар жиынының соңында аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айжан Балажанова бірқатар әдіскер-нұсқаушыларға өз атынан және Алматы облысының жастарға қызмет көрсету орталығының директоры Жайық Тазабекұлының атынан Алғыс хат табыстап, ізгі тілегін білірді. Аталған марапаттар жыл бойы аудан ішінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлестері үшін берілгенін айта кеткен жөн.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях