Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңының 5-бабы 1-тармағының 6-тармақшасында көрсетілген мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердiң біліктілігін арттыруды жүзеге асыру заман талабы.

Осыған орай, бүгін Қарасай ауданының ақпараттық технологиялар бөлімі «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында семинар өткізді. Оған мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты. Жиын барысында қызметкерлердің ізеттілігі мен кәсіби этикасы және қызмет сапасындағы қоғамдық мониторинг критерийлері аталды.

Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына, оның ішінде зейнеткерлерге, мүгедектерге, жұмыссыз жандарға, аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы түсіндіру жұмыстармен оның дұрыс жүргізілу тәртібі атап өтілді.

Жиын соңында ағымды жылдағы медиа жоспардың орындалуы, стандарт бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің орындау мерзімін қатаң сақталуы, электронды мекен жайға келетін арыз-шағымдардың уақытылы жіберілуі қатаң қадағалауға алынатыны жайлы да айтылды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях