Долан ауылы: Самал көшесі биыл жөнделеді

Долан ауылы:  Самал көшесі биыл жөнделеді

Доландықтар ішкі көшелер жөнделсе де, ауылдың көркі кіріп, үйлердің айналасы жақсарса деген тілектерін білдірді. Бұл өтініштерін ауыл тұрғындары бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың есептік кездесуінде айтты, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Олардың айтуынша, Доланда мектеп болмағандықтан оқушылардың барлығы әр ауылға қатынап оқиды. Сондықтан, аудандық маңызы бар жолдар ғана емес, ауылдың ішкі көшелерінде ретке келтіру өзекті болып отыр. Жыл сайын ешбір көшесі жоспарға кірмей қалатындықтарын тілге тиек еткен доландықтар наразылықтарын білдірді. Тіпті, ауыл азаматының бірі әкімдік жолға төселетін  құм және қиыршық тасты тауып берсе, көлікті өзі табатындығын жеткізді.

Аудан басшысы Жандарбек Ермекұлы бұл мәселе тек Доланға ғана емес, барлық ауылдарға қатысты екенін түсіндірді. Биыл  «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша аталған ауылдағы Самал көшесі толығымен жөнделетіндігін айтты.

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях