«Дипломмен ауылға» мемлекеттік қызметшілер де баратын болды

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік қызметшілер де баратын болды

Кеше өткен Мәжіліс жиналысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин енді, «Дипломмен ауылға» бағдарламасына мемлекеттік қызметшілер қосылатындығың да айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Асқар Маминнің айтуынша, жоба аясында ұсынылатын әлеуметтік қолдау шаралары «Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР заңының 18-бабы 8-тармағымен регламенттелген. Аталған бап тек ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған және республикалық пен облыстық маңызы бар қалаларға қолданылмайды.

– Бұған қоса, аудандық маңызы бар қалаға келген мамандар үшін жоба аясында әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ауылдық жерлерден мамандардың кетуіне және кадр тапшылығын одан ары ұлғаюына, сондай-ақ, бюджет шығыстарының артуына түрткі болады. Дегенмен, «Дипломмен ауылға» жобасына ауылдық округ әкімдігінің аппаратында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілерді қосу жоспарланған. Бұл да мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігін арттырады. Бұл норма ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №1012 қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілген «Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында көзделген, – деді Үкімет басшысы.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях