Биыл көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері өсті

Биыл көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері өсті

Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері 15,4-тен 16,1 мың теңгеге өскенін айтты, — деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, жәрдемақы мөлшері елдегі инфляция деңгейіне байланысты инлекстеледі екен. «Биыл инфляцияның орташа дәлізі бес пайыз және соған байланысты жәрдемақы көтерілді.

«Күміс алқа», «Алтын алқа» медальдары бар көпбалалы аналарға өмір бойы ай сайын жәрдемақы беріледі. Басқа елдерде мұндай жоқтың қасы. Ресейде ана капиталы бар. Бізде, егер барлық жылдарды санайтын болсақ, бірнеше миллион теңге шығады», — деді Әбілқасымова үкімет отырысынан кейін кулуарда.

«Күміс алқа» белгісі алты не одан да көп баланы тәрбиелеп отырған әйелге беріледі, ал «Алтын алқа» жеті не одан да көп баланы асырап отырған әйелдерге беріледі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях