Биыл қазақстандықтардың «YouTube»-тен ең көп қараған видеолары  

Биыл қазақстандықтардың «YouTube»-тен ең көп қараған видеолары   

«Google» сервисі Қазақстандағы «YouTube»-тегі жылдың ең танымал бейнелерін ұсынды, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Музыкалық бейнелер арасында 2020 жылы ең көп қаралымға ие болған — «Раим мен Артур» дуэтінің «Ana» әніне арналған клипі. Осымен үшінші жыл қатарынан Орал дуэтінің шығармашылығы Қазақстанда бірінші қатардан орын алуда, ал ондықтың көрінісі төмендегідей:

2020 жылғы Қазақстандағы топ-10 музыкалық бейнежазба

RaiM & Artur — Ana [Official video] RaiM & Artur — Latte [Official video] LITTLE BIG — HYPNODANCER (Official Music Video)
Little Big — Uno — Russia ???????? — Official Music Video — Eurovision 2020
Dabro — Юность (Official video)
MIA BOYKA & ЕГОР ШИП — ПИКАЧУ
Джаро & Ханза — Ты мой кайф
Клава Кока & NILETTO — Краш (official video)
Асылжан Абдулла — Жүрек
Argonya feat Aikyn — Сендей ару жоқ (OST «Где моё кольцо?»)

Ең танымал бейнелерге келетін болсақ, 2020 жылы қазақстандықтар жергілікті комедиялық контентке басымдық берді: «Аким», «My love is Aisulu» және «Ва-Банк» комедиялары көшбасшылар үштігінен орын алуда.

2020 жылы Қазақстандағы көпшілік көп қараған топ-10 бейнежазба

Фильм «АКИМ» 2019г. Официально!
ПРЕМЬЕРА! «My love is Aisulu» романтикалық комедиясы / Май лав из Айсулу
Фильм ВА-БАНК. ОФИЦИАЛЬНО! ИНТЕРНЕТ-ПРЕМЬЕРА 2020 / VA BANK
ҚАЗАҚТЫҢ МЕЙРАМЫ ЕМЕС | «КАЙРАТ» алтыншы серия
Алдараспан — Тойдың соңы 2020
НЕ ТОТ АЯЛДАМА — 1 СЕРИЯ / МАЕВКА / NNN
Юрий Дудь х Лолита | ЧТО БЫЛО ДАЛЬШЕ?
Тақиясыз періште 3 маусым 1 серия
Әпше 1-бөлім
Lovonter 1 серия | Bir Toqsan | Бір Тоқсан

«Google» компаниясын тарихына тоқталар болсақ. Оны Ларри  Пейдж бен Сергей Брин 1998 жылдың қыркүйегінде құрды. Бүгінде компанияда дүниежүзі бойынша 50 000-нан аса қызметкер жұмыс істейді және «Google Іздеу», «Карталар», «AdWords», «Gmail», «Android», «Chrome» мен «YouTube» сынды өнімдер мен платформалардың кең ауқымын ұсынады. 2015 жылдың қазанында «Google» компаниясы «Alphabet» холдингтік компаниясының құрамына кірді.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях