Бірлесе еңбек еткен еріктілер

Бірлесе еңбек еткен еріктілер

Аудандық еріктілер қар тазалау жұмыстарын атқарды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Волонтер жылының аясында қарасайлық еріктілердің бірқатары «Біз біргеміз!» атты ұранды жауапкершілік ретінде сезініп, бүгінгі күнге дейін бірнеше іс-шараларда жан-жақтылықтарын танытып келеді. Дәл бүгін осындай елеулі істің жалғасы ретінде ауданымызға қарасты қала және ауылдық окугтердегі Мәдениет үйінің алды қардан тазаланды.

Аудандық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған белсенді іс-шараға Қаскелең қаласындағы «Аяжан», «Нұр-Жәрдем» медициналық колледждерінің студенттері мен басқа да аудан еріктілері қолғабастықтарын білдіріп, коммуналдық сала қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетті десек те болады.

Осылайша білім жолындағы күнделікті тіршілігін бір сәт қар күреу жұмысына арнаған жастардың кейбірі аудандық Мәдениет үйінің алаңында орналасқан Жастар саябағында еңбек етті. Ал, басқалары Іргелі мен Ұмтыл ауылдық округтерінің өнер ордаларында бас қосып, бірлестік іске деген белсенділіктерін жан-жақты байқатты.

Аудандық Жастар ресурстық орталығының мәліметінше, бүгінгі таңда ауданымызда 500-ге жуық ерікті жас жұмыс атқарады. Олардың қатарында мектеп оқушылары да, ересек қыз-жігіттер де бар. Алдағы уақытта осы аталған орталықтың бастамасымен басқа да игілікті шаралар қолға алыну көзделуде. Мәселен, ардагерлерге, зейнет жасындағы ата-апаларға, жалғыз басты қарияларға және көп балалары аналарға барынша көмек қолын созу.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях