«Birgemiz» қоғамдық қорының ресми сайты іске қосылды

«Birgemiz» қоғамдық қорының ресми сайты іске қосылды

«Birgemiz» қоғамдық қоры түскен қаражат пен аймақтар бойынша көрсетілген көмек туралы барлық ақпарат тұрақты түрде жарияланып отыратын birgemiz2020.kz ресми сайтын іске қосты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Порталды еріктілер тегін жасап берген. Мұнда барлық қайырымдылықтар бөлек бағанда көрсетіледі. Қаражат түскен сайын жаңартылып отырады. Компаниялардың жарналары «Қайырымдылық жасаушылар мен серіктестер» сегментінде көрсетілген. Сонымен қатар, жағдайға бейжай қарамайтын қазақстандықтар сайтта көрсетілген деректер бойынша ерікті болуға немесе қаржылық көмек жіберуге өтініш қалдыру мүмкіндігіне ие.

Сондай-ақ, ұйымның сайтында әрбір аймақтық қор туралы ақпарат беріледі. Мұнда мұқтаж адамдар өз өңіріндегі қормен тікелей байланысып, сұрақ қоюы үшін жергілікті жердегі жауапты тұлғалар мен олардың байланыс мәліметтері көрсетіледі.

– Біз үшін қор жұмысының ашықтығын көрсету өте маңызды. Сондықтан сайтқа кірушілердің әрбірі бұл жерден банктік үзінді көшірмелерімен бірге ұсынылатын есептерді таба алады. Қиын күндерде отандастарымызды қолдау үшін қайырымдылық жасаған барлық қазақстандықтарға және еліміздің компанияларына алғыс айтамыз, — деді қор төрағасы Руслан Сәкеев.

Еске сала кетейік «Birgemiz» қоғамдық қоры еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен COVID-19 пандемиясы жағдайында тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау мақсатында 2020 жылдың 20 наурызында құрылған еді.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях