Бірқатар құжаттар электронды форматқа өтеді

Бірқатар құжаттар электронды форматқа өтеді

Сенатта өткен Үкімет сағатында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин алдағы уақытта қандай құжаттар электрон форматта болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

– Қазіргі таңда біз биометрия сервисін іске қосып жатырмыз. Ол бізге қосымша құжат ұсынбауға мүмкіндік береді. Жылдың аяғына дейін тізімнен 30 анықтаманы алып тастаймыз. Мысалы, мекенжай анықтамасы, – деді министр.

Сондай-ақ, Бағдат Мусин қандай құжаттар электрон форматта болатынын айтты.

– Цифрлық құжаттарға тоқталайын. Жеке басты куәландыратын құжат «Электронды үкіметте» бар. Яғни, адам өзімен бірге смартфонын алып жүріп, жеке куәлігін көрсете алады. Мұндай механизмді біз жүзеге асырдық. Сонымен қатар, біз техпаспорт, жүргізуші куәлігі бойынша ішкі істер министрлігімен жұмыс істеп жатырмыз. Оларда смартфон да болады. Сондай-ақ, диплом бойынша жұмыс жүргіземіз. Енді оның көшірмесін ұсынудың керегі жоқ. Оны электрон түрде көрсетуге болады, – деді Мусин.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях