Бастауыш партия ұйымының үздігі анықталды

Бастауыш партия ұйымының үздігі анықталды

«Nur Otan» партиясы жариялаған бастауыш ұйымдардың рөлін арттыру, белсенділігін дамыту мақсатында, республикалық «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» атты байқауы биылда өз жалғасын табуда. Осы ретте бүгін «Nur Otan» партиясының Қарасай аудандық филиалының ғимаратында өңірлерде атқарылған жұмыстар сараланып, үздіктер анықталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Үздік бастауыш партия ұйымын анықтау, олардың жұмыс тәжірибесін барлық аймақтарда тарату, рөлін және белсенділігін көтеру, қоғамдық-саяси ықпалын күшейтуді көздеген байқауды комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова ашып, жүргізді. Жиынға барлық бастауыш партия ұйымының төрағалары мен партия белсенділері қатысты.

Аталмыш байқаудың ережесіне сәйкес, аудандық партия филиалынан арнайы комиссия құрылып, барлық бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына байқау ережесі мен талаптары толықтай түсіндірілген болатын. Жалпы, сайысқа 100 бен 500 аралығындағы партия мүшесі бар БПҰ-нан 2-ші санат бойынша алты ұсыным, 500 ден 5000-ға дейін партия мүшесі бар БПҰ-нан 3-ші санат бойынша бес ұсыным қабылданып, барлығы 11 ұйым қатысты. Ұйымдардың төрағалары атқарған жұмыстарын жеті бағыты бойынша партия мүшелерінен құрылған комиссияға баяндады. Әуелі өз округтерінде бір жыл бойы атқарған жұмыстарын бейнеролик, слайд сынды көрнекі құралдардың көмегімен баяндама жасау арқылы таныстырса, кейін жинақ папкаларын көрсетті. Мұнан бөлек, комиссия мүшелерінің тарапынан жоспардан тыс қандай шаралар атқарғаны туралы қойылған сұрақтарға жауап берді.

Байқау соңында қатысушылар жұмысын сарапқа салған комиссия мүшелерінің шешімімен 2-ші санатағы ұйымдар арасында І орынды Ержас Тоқтасынов төрағалық ететін Шамалған БПҰ алды. Ал, ІІ орын Асқар Мұқашев жетекшілік ететін Қаскелең БПҰ-на бұйырса, ІІІ орынды Бекжан Абжан бастаған Елтай БПҰ жеңіп алды. Сонымен қатар, 3-ші санат бойынша жеңімпаз болып Тұрарбек Ташев басқаратын Жамбыл БПҰ атанды. ІІ орынды Елдос Мұқатайұлы төрағалық ететін Бірінші Май БПҰ иеленсе, ІІІ орынды Қайсар Кикимов жетекшілік ететін Әйтей БПҰ қанжығасына байлады.

Жиын соңында партия ардагері, комиссия мүшесі Сағат Ұлтарақұлы қатысушыларға бір жыл бойы мүлтіксіз атқарған қызметтері үшін ризашылығын білдіріп, оларға Алғыс хат пен арнайы сыйлықтарды табыстады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях