Еліміздің кейбір аймақтарында жауын-шашын, аяз болады

Еліміздің кейбір аймақтарында жауын-шашын, аяз болады

Ауа райының құбылуына байланысты еліміздің бірқатар аймағында ескерту жарияланды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қыркүйек айының 29 күні Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында, 30 күні Шығыс Қазақстан облысының кейбір өңірлерінде жауын-шашын (жаңбыр аралас қар) болады деп күтілуде.

Сонымен қатар, 29-30 қыркүйек және 1 қазан күндері Ақтөбе, Қостанай облыстарында, 30 қыркүйек пен 1-2 қазанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында, 1-3 қазан күндері Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы 3-8℃ аязға дейін төмендейді.

Ал, қыркүйек айының соңғы күні мен 1-2 қазанда Қызылорда облысының кейбір аймақтарында топырақ бетінде 1-3℃ үсік жүруі мүмкін.

29 қыркүйек күні Солтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр аралас қар) болса, осы аймақтарда 30 қыркүйек күні мен қазан айының алғашқы екі күнінде ауа температурасы минус 3-8℃ дейін төмендеуі әбден мүмкін.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях