Баспаналы болудың жаңа мүмкіндіктері

Баспаналы болудың жаңа мүмкіндіктері

Бүгін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып, оған Алматы облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Садық Әбдіқадыров басшылық етті. Бұл жиынның мақсаты қабылдауға келген азаматтардың өтінішін, яғни, тұрғын-үй алу және ипотека мәселелеріне қарастырып, оларға кеңінен ақпарат беру болатын. Осыған орай, бұл басқосуға ауданымыздағы «Центр Кредит» банкінің басқарушысы Сапарбек Назарбаев пен «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкінің бөлім басшысы Дәурен Меңдіханов қатысты.

Жиналысты Садық Нұрсапаұлы ең алдымен Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінен бастап, әр бастаманың маңыздылығына тоқтап, толық түсіндіріп өтті. Сонымен, қабылдауға келген Қаскелең қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер Аяп Баяманов, Бекболат ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Жанар Апикова мен Бұлақты ауылының тұрғыны Гүлден Қабілештің сұрағы «шағын бизнесті қалай кеңейтуге» және «7-20-25» бағдарламасы аясында қалай баспанаға қол жеткізуге болатыны» жайлы болды. Жалпы, оларға С.Әбдіқадыров Елбасының «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасы жайлы толық ақпарат берді. Нақтырақ айтқанда, бұл бағдармаға еліміздің кез келген қаласындағы тұрақты жұмысы немесе бизнесі бар адам қатыса алады екен. Ең бастысы атына тіркелген баспанасы болмауы керек және несие тарихы таза, төлем жасауға қабілетті екіндігін дәлелдесе жеткілікті. Сонымен қатар, бір қуантарлығы балаңыздың немесе әйеліңіздің атындағы баспана, бұл бағдарламаға қатысуға кедергі болмайды.  Ал, азаматтарға осы бағдарлама арқылы алған ипотекасын 25 жылға созбай, ерте жауып тастауға мүмкіндік берілетіні де ерекше аталып өтті. Бұдан бөлек, несиеңізді ерте төлеп тастағаныңыз үшін ешқандай айыппұл салынбайды. Садық Әбдіқадыровтың айтуынша, бұл жаңа бастама «мемлекеттің арқасында күн көруге» емес, азаматтарды жеңіл несиеге қол жеткізу мақсатында әзірленген екен.

Мұнан соң, тұрғындардың келесі сұрағы «шағын бизнесті кеңейтуге қандай тиімді несиелер бар» екіндігі жайлы болды. Бұл сауалға «Центр Кредит» банкінің басқарушысы Сапарбек Мұхтарұлы толықтай жауап беріп, керекті ақпаратты жеткізді. Ал, ең соңғы қабылдауге келген Жаңашамалған ауылдық округінің тұрғыны Ақнұр Манамбаеваның сауалы Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа арналған үндеуінде айтылған салық жүктемесін азайту туралы толықтай түсінік алуға қатысты болды. Бұл азаматшаға Садық Нұрсапаұлы үндеудің екінші бастамасында айтылған «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» айтылған ақпаратты айтып, тізбектеп түсіндірді.  Ол «Салыстырмалы түрде жалақысы төмен қазақстандықтарды қолдау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 процент қана салық салуды ұсынамын» деген Президенттің сөзін тілге тиек етіп, мысалмен, 60 мың теңгеге дейін айлық алатын азаматтардың еңбек салығы бір пайыз болса, ал, бұл соммадан көп алатындардікі он пайыз екіндігін жеткізді. Сонымен қатар, осы мәселе бойынша ауданымыздағы Мемлекеттік кірістер басқармасының маманы Жанат Әбдіқасымның айтуынша, үй несиесін, яғни, ипотека төлейтіндердің де салығы бір пайызға дейін түсіруге болады екен. Осылайша, қабылдау келген азаматтардың барлығы қойған сұрақтарына қанағаттанарлық жауап және дұрыс бағыт-бағдар алды. Сонымен, басқосу аяқталып, Садық Әбдіқадыров Қаскелең қаласындағы «Қарлығаш» тұрғын-үй кешеніне жол тартты. Онда ол көп қабатты үйлердің жай күйімен танысып, сонымен қатар, балабақшасын аралап қайтты. Бұдан бөлек осы кешенде ауданымыз бойынша алғашқы болып, «7-20-25» бағдарламасы аясында баспанаға қол жеткізген Дениза Кунтугановамен де кездесіп, сұхбаттасты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях